Ескерту. Қаулының күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.12.2016 № 19-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 тіркелген) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарында:
"ТӨРАҒА ХАТШЫЛЫҒЫ" деген бөлімде "Бас сарапшы – 1 бірлік, В-4 санаты (1-5)" деген кіші бөлім алынып тасталсын;
"Ұйымдастыру-хаттама жұмысы секторы" деген бөлімде:
"Сектор меңгерушісі – 1 бірлік, В-3 санаты (8/2-10)" деген кіші бөлімнің "Білімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
" |
Білімі |
Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); құқық (құқықтану). |
"; |
"Бас консультант – 2 бірлік, В-3 санаты (8/2-11, 8/2-12)" деген кіші бөлімнің "Білімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
" |
Білімі |
Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); құқық (құқықтану). |
"; |
"Сарапшы – 3 бірлік, В-5 санаты (8/2-13, 8/2-14, 8/2-15)" деген кіші бөлімнің "Білімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
" |
Білімі |
Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); құқық (құқықтану). |
"; |
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Бас сарапшы – 1 бірлік, В-4 санаты (8/2-12-1)
"Мемлекеттік тілді дамыту секторы" деген бөлімде:
"Сектор меңгерушісі – 1 бірлік, В-3 санаты (8/3-16)" деген кіші бөлімнің "Білімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
" |
Білімі |
Жоғары білімі: гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе аударма ісі); білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде). |
"; |
"Бас консультант – 1 бірлік, В-3 санаты (8/3-17)" деген кіші бөлімнің "Білімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
" |
Білімі |
Жоғары білімі: гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе аударма ісі); білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде). |
"; |
"Бас сарапшы – 1 бірлік, В-4 санаты (8/3-18)" деген кіші бөлімнің "Білімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
" |
Білімі |
Жоғары білімі: гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе аударма ісі); білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде). |
"; |
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің |
Қ. Жаңбыршин |