1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В.Абилсеитоваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Қ. Шайжанов |
Аудан әкімдігінің қаулысына | |
қосымша | |
2016 жылғы 3 наурыздағы | |
№ 11/02 |
Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі
1. 2010 жылғы 21 сәуірдегі "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" № 10/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 маусымдағы № 23 (7195) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған);2. 2013 жылғы 28 қаңтардағы "Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 05/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2187 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы № 10 (7338) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған);
3. 2014 жылғы 20 маусымдағы "Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 41/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2687 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі № 30 (7410) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған).