Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 маусымдағы N 23 (7195) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшасы осы қаулыға қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | С. Аймақов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Осакаров аудандық | |
мәслихатының хатшысы | |
__________________ Қ. Саққұлақов | |
28 қаңтар 2013 жыл
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы N 05/03 қаулысына қосымша Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 10/03 қаулысына қосымша |
Жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлемелер және лауазымдық айлықақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Білім беру мамандарының лауазымдары:1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, меңгеруші, бөлімше басшысы, оның ішінде: әдістемелік кабинеттің, топтың, бөлімнің;
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтардың мұғалімдері, медициналық бике, кітапханашы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, жетекші, дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы, өндірістік оқыту шебері, оқытушылар, музыкалық жетекші, әдіскер, бейнелеу өнері бойынша оқытушы, логопед, психолог, лаборант, барлық мамандықтардың инженері, аудармашы, бағдарламашы, іс жүргізуші, бухгалтер, экономист, емдәм бикесі, хатшы-машинист, директордың шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары, шаруашылық меңгерушісі.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі;
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдіскер, кітапханашы, библиограф, редактор, суретші, балетмейстер, аккомпаниатор, әкімші, аудармашы, кадр бойынша инспектор, инженер-бағдарламашы, бухгалтер, шаруашылық меңгерушісі.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) бөлім меңгерушісі, консультант, әлеуметтік қызметкерлер, бухгалтер (бас, аға), іс жүргізуші.