Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 11/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В.Абилсеитоваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ. Шайжанов

  Аудан әкімдігінің қаулысына
  қосымша
  2016 жылғы 3 наурыздағы
  № 11/02

Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. 2010 жылғы 21 сәуірдегі "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" № 10/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 маусымдағы № 23 (7195) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған);
      2. 2013 жылғы 28 қаңтардағы "Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 05/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2187 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы № 10 (7338) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған);
      3. 2014 жылғы 20 маусымдағы "Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 41/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2687 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі № 30 (7410) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады