Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 41/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде № 2687 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 11/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.03.2016 № 11/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 10/03 "Ауылдық (селолық) жерде қызмет істейтін мамандар лауазымдарының Тізімін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 маусымдағы № 23 (7195) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi, осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
      көрсетілген қаулыға қосымшадағы тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осакаров ауданының әкімі
С. Аймақов

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Осакаров аудандық
      мәслихатының хатшысы
      К. Саккулаков
      2014 жылдың 20 маусымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады