Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 10/03 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 8-15-123 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 11/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.03.2016 № 11/02 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 20.06.2014 № 41/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi, осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 20.06.2014 № 41/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шөппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

Аудан әкімінің
 
міндеттерін атқарушы
Н. Көбжанов
КЕЛІСІЛДІ
 
Осакаров аудандық
 
мәслихатының хатшысы
 
Қ. Саққұлақов
 

      
      2010 жыл 21 сәуір

  Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
N 10/03 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 20.06.2014 № 41/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 28.01.2013 N 05/03 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, меңгеруші, бөлімше басшысы, оның ішінде: әдістемелік кабинеттің, топтың, бөлімнің;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтардың мұғалімдері, медициналық бике, кітапханашы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, жетекші, дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы, өндірістік оқыту шебері, оқытушылар, музыкалық жетекші, әдіскер, бейнелеу өнері бойынша оқытушы, логопед, психолог, лаборант, барлық мамандықтардың инженері, аудармашы, бағдарламашы, іс жүргізуші, бухгалтер, экономист, емдәм бикесі, хатшы-машинист, директордың шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары, шаруашылық меңгерушісі.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдіскер, кітапханашы, библиограф, редактор, суретші, балетмейстер, аккомпаниатор, әкімші, аудармашы, кадр бойынша инспектор, инженер-бағдарламашы, бухгалтер, шаруашылық меңгерушісі.
      3. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) бөлім меңгерушісі, консультант, әлеуметтік қызметкерлер, бухгалтер (бас, аға), іс жүргізуші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады