Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысы

      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) “Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде, 2014 жылғы 21 мамырда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған);
      2) “Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 97 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5001 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде, 2015 жылғы 23 маусымда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады