Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі "Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 251 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 251 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12.08.2015 жылы № 5097 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газет баспасының 19.08.2015 жылы № 63 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Н. Өмірсерікұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады