Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және 43-1бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңазен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 42/343 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 22 қазанында № 2847 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашадағы № 45 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешім туралы Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | С. Мыңбай |