Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10-11-125 хатына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы Мұнайлы аудандық мәслихатының № 36/384 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2836 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Сессия төрағасы | А.Укибаев |
Мәслихат хатшысының | |
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | Б.Курбанов |