Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 122 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 183 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 122 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген 2016 жылғы 10 маусымда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады