Жангелдин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 14 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Әкімдіктің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 194 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 3836 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 қазандағы "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған);
      2) Әкімдіктің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 128 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 тамыз № 5837 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады