"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 4332 тiркелген, 2013 жылы 26 желтоқсандағы "Қарасу өңірі" газетiнде жарияланған), Қарасу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 157 "Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт амандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2014 жылғы 2 шілдедегі № 4911 болып тіркелген, 2014 жылы 16 шілдедегі "Қарасу өңірі" газетiнде жарияланған), Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 185 "Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 243 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын және тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 26 тамыздағы № 5840 тiркелген, 2015 жылы 2 қыркүектегі "Қарасу өңірі" газетiнде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі А. Шәмшиев