"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 6 тамыздағы № 320 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 5844 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 29 "Науырзым тынысы" газетінде жарияланды).
2. Заңмен белгіленген тәртіпте осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдансын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Е. Алдажұманов
Аудандық
мәслихаттың хатшысы З. Алдажұманова