"Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласында мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 265 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 16 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданылу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласында мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 265 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10864 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      3) күнтізбелік жеті күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                        Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады