"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 378 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.04.2017 № 153 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесінде:

      14-тармақта:

      12), 13), 17), 19), 20), 21), 22) тармақшалар алынып тасталсын;

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;";

      24), 27), 30) тармақшалар алынып тасталсын;

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергияөндіруші ұйымдар үшін жеке тариф бекіту;";

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесіне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;";

      65) тармақша алынып тасталсын;

      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;";

      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;";

      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметін мониторингiлеуді жүзеге асыру;";

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) нарық субъектiлерi, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті қорғау салысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен тергеу жүргізу;";

      83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;";

      85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "85) мыналардың:

      экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;

      мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың;

      нарық субъектiлерi ұсынатын өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша, өндiру мен өткізу көлемдері, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпараттың нысандарын белгілеу және айқындау;";

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актiлердi жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдардың жасау туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзу;";

      мынадай мазмұндағы 94-1), 94-2), 94-3), 94-4), 94-5) және 94-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "94-1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру;

      94-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгіну;

      94-3) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберу;

      94-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      94-5) табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру және ол туралы ережені бекіту;

      94-6) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысанын бекіту;".

      "Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі" деген бөлім алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап енгiзiледi.

      Министр Қ. Бишімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады