Күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 11 мамырдағы № 83 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10822 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                                 Б. Иманалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады