Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 241/7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 170/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 241/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3978 болып тіркелді, 2014 жылғы 6 қыркүйекте "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды).
      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
      осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсiн.
      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады