Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң кейбір қаулыларының күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 21/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы “Нормативтiк құқықтық актiлер туралы” Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 27 желтоқсандағы “Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы” № 912/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3679 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 10 “Ақсу жолы” және № 10 “Новый путь” газеттерінде жарияланған);
      Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 20 сәуірдегі “Ақсу қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы” № 305/4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4462 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 19 “Ақсу жолы” және № 19 “Новый путь” газеттерінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      Қала әкімі Қ. Нүкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады