Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы "Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" № 58/02 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 66/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1., Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы "Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" № 58/02 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2014 жылғы 28 ақпанда № 3722 болып енгізілген, 2014 жылғы 14 наурыздағы № 11 (10610) "Баянтау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К.К. Абылгазинге жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Күлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады