1. Қосымшаға сәйкес Май ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ысқақова |
Май ауданы әкімідігінің 2016 жылғы "11" қаңтардағы № 3/1 қаулысына қосымша |
Май ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізбесі
№ | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Тіркелген және жарияланған күні |
1 | 2 | 3 |
1. | Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 163/6 "Май ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 09 маусымда № 4518 тіркелген; 2015 жылғы 13 маусымда № 24 (8111) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған |
2. | Май ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 ақпандағы № 37/1 "Май ауданы бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 06 наурызда № 3726 тіркелген, 2015 жылғы 22 наурызда № 11 (8148)) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған |