1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі "Успен ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 284/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 12 қыркүйекте № 4021 болып тіркелген, "Апта айнасы" газетінде 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 номерінде жарияланған);
2) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Успен ауданының ауылдары мен ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 47/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 8 сәуірде № 4411 болып тіркелген, "Аймақ ажары" газетінде 2015 жылғы 2 мамырдағы № 17 номерінде жарияланған);
3) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "2016 жылға Успен ауданы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 282/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 4908 болып тіркелген, "Аймақ ажары" газетінде 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 номерінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |