Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектердің жұмысқа орналасуына және жұмысқа қабылдануына көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы аудандағы жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квота бойынша жұмыс орындарына орналастыру үшін мүгедектерді жіберу бойынша шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | Б. Жүсіпбаев |