"Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыздағы № 289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 59 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 317 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыздағы № 289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 59 қаулысының (2016 жылғы 11 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 3670 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады