Аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 424 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 424 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 26 қыркүйектегі № 3005 болып тіркеліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2014 жылғы 9 қазандағы 39 (6144) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі Ә. Нәутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады