Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Шамұратовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "5" қаңтардағы № 9 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 318 "Индер ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қарашада № 3344 болып тіркелді);
      2. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 264 "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 тамызда № 2775 болып тіркелді);
      3. Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 397 "Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 264 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3045 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады