Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің қолданылу мерзімдері бітуіне байланысты күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 500-V шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің қолданылу мерзімдері бітуіне байланысты күші жойылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Серпер" үнжариясына жариялансын.
      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХХХV сессиясының төрағасы
Ш. Жәлелов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 500-V шешіміне қосымша

Қолданылу мерзімдерінің бітуіне байланысты аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдері

      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 361-V "Ауданның 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3083 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 29 қаңтардағы №4, 5 ақпандағы № 5, 12 ақпандағы № 6, 19 ақпандағы № 7 сандарында жарияланған);
      2. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы № 391-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 361-V "Ауданның 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3184 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 7 мамырдағы № 18, 14 мамырдағы № 19 сандарында жарияланған);
      3. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 361-V "Ауданның 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3248 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 23 шілдедегі № 29, 30 шілдедегі № 30 сандарында жарияланған);
      4. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі №435-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №361-V "Ауданның 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3300 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 8 қазандағы №40, 15 қазандағы №41 сандарында жарияланған);
      5. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы № 466-V "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 361-V "Ауданның 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3376 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 51, 31 желтоқсандағы №52 сандарында жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады