1 Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.
Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Кентау қаласы әкімдігінің 9 маусым 2016 жылғы № 145 қаулысына қосымша |
Кентау қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбeсі
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2662 тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;2. Кентау қаласы әкімдігінің 16 сәуірдегі 2015 жылғы № 106 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 5 мамырдағы№ 175 Кентау қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3176 тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Кентау қаласы әкімдігінің 16 ақпан 2016 жылғы № 44 "Ауыл әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3611 тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.