Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 маусымдағы № 145 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1 Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.
      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

  Кентау қаласы әкімдігінің
9 маусым 2016 жылғы
№ 145 қаулысына қосымша

Кентау қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбeсі

      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2662 тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Кентау қаласы әкімдігінің 16 сәуірдегі 2015 жылғы № 106 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 5 мамырдағы№ 175 Кентау қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3176 тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Кентау қаласы әкімдігінің 16 ақпан 2016 жылғы № 44 "Ауыл әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3611 тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады