"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 106 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 мамырда № 3176 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 маусымдағы № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 09.06.2016 № 145 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2662 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 106
қаулысына 1 қосымша
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 5 мамырдағы № 175
қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы


Қала атауы
Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны
Оның iшiнде
республикалық бюджет есебiнен
жергiлiктi бюджет есебiнен
1
Кентау қаласы
4275
2635
1640

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады