Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 2662 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 маусымдағы № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласының әкiмдiгiнiң 09.06.2016 № 145 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 16.04.2015 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ауелбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 5 мамырдағы
№ 175 қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 16.04.2015 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Қала атауы
Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны
Оның iшiнде
республикалық бюджет есебiнен
жергiлiктi бюджет есебiнен
1
Кентау қаласы
4275
2635
1640

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 5 мамырдағы
№ 175 қаулысына 2 қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшерi

Айына бiр тәрбиеленушiге кететiн орташа шығыс, теңге
Бөбекжай-балабақша
Мектеп жанындағы шағын орталық
19401,80
12122,40

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 5 мамырдағы
№ 175 қаулысына 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

Барлығы
Күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
357,00
7497,00

      
      Ескертпе: Айына бiр балаға тамаққа кететiн шығын 21 күнге есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады