Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Кентау қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 258 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қазанда № 3381 болып тіркелген, 2015 жылы 7 қарашада № 45 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы Т.Садуов
Қалалық мәслихатының
хатшысы К.Сырлыбаев