"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына "Нормативті құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысының
16 тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3070 тіркелген, 2015 жылы 27 наурызда "Шаян" газетінің № 579 санында жарияланған), Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 462 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3437 тіркелген), Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 73 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жағазиевке тапсырылсын.
Аудан әкімі: |
Б.Көшербай |