"Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 462 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қарашада № 3437 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкiмдiгiнiң 05.05.2016 № 204 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 189 "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3070 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Шаян" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң "Алғабас ауылдық округi әкiмi аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженің орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң "Алмалы ауылдық округi әкiмi аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженің орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік тілдегі "Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң "Бөген ауылдық округi әкiмi аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженің 17 тармағының екінші бөлігіндегі және 1) тармақшасында "Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң "Ағыбет ауылдық округi әкiмi аппараты" деген сөздер "Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң "Бөген ауылдық округi әкiмi аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң "Жамбыл ауылдық округi әкiмi аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженің орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тасболатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы:
А.Темір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады