Бәйдібек ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына "Нормативті құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысының  16 тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3070 тіркелген, 2015 жылы 27 наурызда "Шаян" газетінің № 579 санында жарияланған), Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 462 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3437 тіркелген), Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 73 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жағазиевке тапсырылсын.
 

      Аудан әкімі:

Б.Көшербай

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады