""Б" корпусындағы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 182 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 24 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      ""Б" корпусындағы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауыл округі әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3164 тіркелген, 2015 жылғы 9 мамырдағы аудандық "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Оралбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі С.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады