Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 180 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшаларына сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Мамытбеков

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
"29" сәуір 2016 жылғы № 180
қаулысына қосымша

Ордабасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 400 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 тамыздағы № 2761 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2014 жылғы 16 тамызда жарияланған).
      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 692 "Ордабасы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 қаңтарда № 2949 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2015 жылғы 17 қаңтарда жарияланған).
      3. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 329 "Қылмыстқы-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 тамыздағы № 3318 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2015 жылғы 21 тамызда жарияланған).
      4. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 242 "Ордабасы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 692 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 мамырда № 3190 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2015 жылғы 30 мамырда жарияланған).
      5. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 "Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 қаңтарда № 3035 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда жарияланған).
      6 Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Ордабасы ауданының ауыл округтері әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 3000 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2015 жылғы 14 ақпанда жарияланған).
      7. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 113 "Ордабасы ауданының ауыл округтері әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" Ордабасы ауданы әкімдігінің 9 қаңтар 2015 жылғы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 наурызда № 3660 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2016 жылғы 9 сәуірде жарияланған).
      8. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 3 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3539 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2016 жылғы 30 қаңтарда жарияланған).
      9. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 66 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 3586 тіркелген, "Ордабасы оттары" газетінде 2016 жылғы 20 ақпанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады