"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 228 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 228 «Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3183 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырдағы «Сарыағаш» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсеитовке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б.Парманов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады