"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 301 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 23 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 301 «Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3257 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 31 шілдеде аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады