Қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 12 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 161 ««Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Шардара ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 мамырда № 3175 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда № 21(630) «Шартарап – Шарайна» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының қабылдануына орай, қолданыстағы заңнамаға сай тиісті жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                К.Айтуреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады