Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 14 наурыздағы "Зайсан ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 121 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3870 нөмірімен 2015 жылғы 14 сәуірде тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 6 мамырындағы № 37 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімі | А.Оңдақанов |