Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "2016 жылға Зайсан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" № 674 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4354 нөмірімен 2016 жылғы 20 қаңтарда тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 10 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Д.Қалиқан |