Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің Күршім ауылындағы "Ақтасты" учаскесінде шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 ақпандағы N 4 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 66 ұсынысы негізінде, Күршім ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің Күршім ауылындағы "Ақтасты" учаскесінде ірі қара малға ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізіліп, лейкоз ауруының ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. 2015 жылғы 22 желтоқсанындағы "Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің Күршім ауылына қарасты "Ақтасты" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (аудандық Рауан-Заря газетінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 94 нөмірінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4335 12 қаңтар 2016 жылы болып тіркелінген) № 3 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Күршім ауылдық округінің әкімі С.Дүзбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады