"Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін " Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 107-1903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 02 маусымдағы № 107-1110 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 107-1903 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 973 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 138 (3343) "Астана ақшамы" және 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 138 (3361) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы" деген сөздер мен сандар "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі" деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолд чау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады