Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2017 жылғы 1 қарашадағы № 281 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрайымының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 177 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрайымының 05.05.2018 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің қоса беріліп отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Негіздеме: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы келісімі.

      Төрайым Л. Бюрабекова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті
төрайымының 2017 жылғы
1 қарашадағы № 281
бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті "Б"
корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Сарапшы – заңгер консультант, С-5 санаты (1 бірлік), № 18-1-1

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білім

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді.

Функционалдық міндеттері

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Комитет мүддесін білдіру. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үйлестіру және мониторинг жүргізу. Комитет әзірлейтін нормативтік және құқықтық актілерінің жобаларын, шарттарды, процессуалдық құжаттарды, сондай-ақ, заңды сипаттағы басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын өткізу кезінде қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Комитетте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Комитетке келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру. Комитет және АД қатысуымен өткен тиісті сот талқылауын туындатқан негізгі себептер мен шарттарын анықтау мақсатында талап-арыз жұмысының, даулар бойынша сот тәжірибесінің жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Барлық сот инстанцияларында Комитет пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдау, сондай-ақ қадағалау тәртібінде прокуратура органдарына наразылық білдіру бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен өтініштер қалдыру. Комитетте және оның аумақтық департаменттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. Орындаушылық тәртіптің, Комитет жүйесінде тілдер мен мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың жүзеге асырылу жағдайын бақылау.

Персоналды басқару жөніндегі сарапшы, С-5 санаты (1 бірлік), № 18-1-2

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік ғылымдар, құқық (құқықтану) немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Еңбек және орындаушылық тәртіптін сақталуын бақылау. Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру. Кадр қажеттілігін, соның ішінде мамандықтары мен біліктілігі бойынша қажеттіліктерді талдау және жобалау. Кадрлық құрамды қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Кадрлар мониторингі және кадрлық іс қағаздар, соның ішінде "Е-қызмет" персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Кәсіби бейімделуге жағдай жасау және Комитетте тәлімгерлікті ұйымдастыру. Қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу арқылы кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету. Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссиялардың, еңбек өтілін есептеу мен кадр мәселелері бойынша өзге де комиссия қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке түсу, өту және аяқтау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауды, оларды аттестациялау рәсімдерінің сақталуын ұйымдастыру. Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Фармацевтикалық инспекторат басқармасының басшысы – мемлекеттік
фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-3 санаты
(1 бірлік), № 18-2-1-01

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында, соның ішінде фармацевтикалық қызметті лицензиялау біліктілік талаптарының және қағидаларының сақталуы, клиникалық және зертханалық базаларды аккредиттеуді тиісті фармацевтикалық практика стандартына сәйкестік мәселелерін үйлестіру және инспекциялауды жүргізу. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК жұмысын фармацевтикалық инспекторат бөлігінде үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жүзеге асырудың жолын кесу шараларын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамыту стратегияларын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметшілерінің жұмысына бақылау жүргізу, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Фармацевтикалық инспекторат басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік
фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-4 санаты
(5 бірлік) № № 18-2-1-02, 18-2-1-03, 18-2-1-04, 18-2-1-05, 18-2-1-06

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында, соның ішінде фармацевтикалық қызметті лицензиялау біліктілік талаптарының және қағидаларының сақталуы, тиісті фармацевтикалық практика стандартына сәйкестігіне клиникалық және зертханалық базаларды аккредиттеу мәселелерін үйлестіру және инспекциялау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Басқарма құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелер қызметіне талдау жүргізу. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асырудың алдын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамыту стратегияларын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
пайдалануды үйлестіру басқармасының басшысы – мемлекеттік фармацевтикалық
инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-3 санаты (1 бірлік), № 18-2-2-01

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді.

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Өз құзыреті шегінде Формулярлық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының формулярлық комиссияларының жұмыстарын үйлестіру және дәрілік формулярларды келісу. Дәрілік ақпараттық талдау орталығының, Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша Дүниежүзілік банктің, "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметтерін үйлестіру. Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаны талдау мәселелері бойынша жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, соның ішінде амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, акцизсіз этиль спирті айналымы саласында пайдалануға талдау жүргізу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметшілерінің жұмысына бақылау жүргізу, еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауды бақылау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
пайдалануды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (фармацевтикалық білімі
болған кезде), С-4 санаты (3 бірлік), № № 18-2-2-02, 18-2-2-03, 18-2-2-04

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Өз құзыреті шегінде Формулярлық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының формулярлық комиссияларының жұмыстарын үйлестіру және дәрілік формулярларды келісу. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша дәрілік ақпараттық талдау орталығының, Дүниежүзілік банктің, "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметтерін үйлестіру. Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаны талдау мәселелері бойынша жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, соның ішінде амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, акцизсіз этиль спирті айналымы саласында пайдаланылуына талдау жүргізу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
пайдалануды үйлестіру басқармасының сарапшысы – мемлекеттік фармацевтикалық
инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-5 санаты (2 бірлік),
№ № 18-2-2-05, 18-2-2-06

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау) техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Өз құзыреті шегінде Формулярлық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының формулярлық комиссияларының жұмыстарын үйлестіру және дәрілік формулярларды келісу. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша дәрілік ақпараттық талдау орталығының, Дүниежүзілік банктің, "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметтерін үйлестіру. Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаны талдау мәселелері бойынша жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, соның ішінде амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, акцизсіз этиль спирті айналысы саласында пайдаланылуын мониторингтеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және
интеграция басқармасының басшысы – мемлекеттік фармацевтикалық инспектор,
С-3 санаты (1 бірлік), № 18-2-3-01

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметіне, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің қызметіне фармацевтика саласындағы мемлекеттік, сонымен қатар электрондық қызметтер мәселелері бойынша басшылық ету және ұйымдастыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы және сапалы жүзеге асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжаттамасына өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру. Тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың зияткерлік меншігін және тауар белгілерін қорғау, қауіпсіздік пен сапасын бағалау мәселелерін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Басқарма қызметкерлерінің жұмысына бақылау жүргізу, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және
интеграция басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік фармацевтикалық
инспектор, С-4 санаты (4 бірлік), № № 18-2-3-02, 18-2-3-03, 18-2-3-04, 18-2-3-05

Өлшемшарттары Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғарғы білімі.

Құзыреттері

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді

Функционалдық міндеттері

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжаттамасына өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру. Тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың зияткерлік меншігін және тауар белгілерін қорғау, қауіпсіздік пен сапасын бағалау мәселелерін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады