"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2018 жылғы 21 мамырдағы № 93 бұйрығы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қарашадағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9885 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 25-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, 105.";

      көрсетілген бұйрыққа 26-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Бухар-Жырау көшесі, 288/49.";

      көрсетілген бұйрыққа 153-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 7 ғимарат.";

      көрсетілген бұйрыққа 159-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Көкшоқы шағын ауданы, Өтеген Жарықбаев көшесі, 29 құрылыс.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысының (О.Қ. Бержанов) және Павлодар облысының (А.А. Темірбаев) Төтенше жағдайлар департаменті осы бұйрықты іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Заң басқармасы (С.М. Жұматов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасы генерал-майор
В. Беккер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады