"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 922 бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №224 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережеде

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқарушы органнның құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар және Астана, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері жатады.";

      16-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың, соның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру үшін құқықтық актілерді қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарына шағымдану кезінде туындайтын дауларды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларын қарайды;

      12-2) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;";

      23) және 24) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру жүргізеді;

      24) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі, бағалау қызметі салаларындағы бағалаушылар палаталарының "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      25) тармақша алып тасталсын;

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) аудиторлар тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізеді;";

      32), 33), 34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзеді;

      33) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тiзбесiн, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айыру, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануын қамтамасыз етеді;

      34) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарына, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасайды;

      35) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын, кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі куәлiгінен айыру туралы шешiм қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2), 35-3) и 35-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-1) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұратады;

      35-2) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерін жібереді;

      35-3) бағалаушылар палатасын "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа береді;

      35-4) бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізеді;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) құзыретіне шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды".

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетi (А.Қ.Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
А.Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады