Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 26.10.2023 № 1-НҚ бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 475 бұйрығының 21-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілгі 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына (2016 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Инспекцияның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға | И. Әбішев |