"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы № 570 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.02.2019 № 71 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 14 тамыздағы
№ 570 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Автомобиль жолдары комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнің (бұдан әрі – Министрлік) реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ автомобиль жолдары саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитет егер заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапында болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттiң құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің (бұдан әрі - Министр) келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы бекiтедi.

      8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      9. Комитеттiң толық атауы:

      Мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетi" республикалық мемлекеттiк мекемесі.

      Орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение "Комитет автомобильных дорог Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерімен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке кіріс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджеттiң пайдасына жiберiледi.

2-тарау. Комитеттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға қатысу.

      14. Міндеті:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Функциялары:

      1) Комитеттің құзыреті шегінде реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      4) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      6) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтiк саясатты iске асыру.

      15. Міндеті:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқаруға қатысу.

      Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;

      4) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн келiсу;

      5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiн келiсу;

      6) мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде Ұлттық операторды қаржыландыру;

      7) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаны жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;

      8) ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерді) құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;

      9) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары, Ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеу, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беру;

      10) қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде жол жүрісінің қауіпсіздігі жөніндегі органмен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеу немесе тоқтату және автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      11) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру.

      16. Міндеті:

      жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту.

      Функциялары:

      1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      4) сапаға сараптама жүргiзу жөнiндегi заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезiнде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргiзу қағидаларын әзірлеу;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөнiндегi жұмыстарды iске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;

      6) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттарын, тізбесін, атауы және индекстерін, оның ішінде қорғаныс мақсатындағы автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу;

      7) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзiрлеу;

      8) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді және күтiп-ұстауды қаржыландыру нормативтерiн әзiрлеу;

      9) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен жүрiп өту үшiн алымдарды төлеу тәртiбi мен олардың мөлшерлемелерiн әзiрлеу;

      10) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзiрлеу;

      11) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбiн әзiрлеу;

      12) астананың, республикалық маңызы бар қаланың көшелерiн, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп-ұстауды қаржыландыру нормативтерiн әзірлеу;

      13) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

      17. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратады және алады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге іс-шаралар өткізеді;

      4) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультациялық-кеңесші органдар (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстарды енгізеді;

      5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;

      6) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтайды;

      8) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындайды;

      9) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы бойынша қажетті материалдар мен анықтамаларды өз құзыреті және заңнама шегінде ұсынады;

      10) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік меншікті сақтауды қамтамасыз етеді;

      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді;

      12) бухгалтерлік және қаржы есептілігін жасайды және Министрлікке ұсынады;

      13) Комитеттің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырады;

      14) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      15) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру

      19. Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапты болатын Төраға Комитетті басқаруды жүзеге асырады.

      20. Төрағаны Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Төрағаның Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      22. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттiң құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      23. Комитет төрағасы Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      24. Комитет төрағасы Комитеттің кадр жұмысы басқармасына және заң басқармасына жетекшілік етеді.

      25. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсынысты әзірлеуге қатысады;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      3) Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ Комитеттің ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындау және босату, іссапарға, демалысқа жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме, сыйақы беру және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;

      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;

      6) Комитеттің ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекітеді;

      7) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына дербес жауапты болады;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауаптылықта болады;

      9) қызмет бағыты бойынша құпиялылық тәртібін қамтамасыз етуге байланысты барлық қажетті шарттарды жасасады және Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік құпияға рұқсат алуы туралы өкіміне қол қояды;

      10) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      26. Төраға өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

      27. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) оларға Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттiң мүлкi

      28. Комитетте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қарастырылады.

      29. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оғн өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары

      32. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары:

      1) Республикалық мемлекеттік кәсіпорын:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:

      "Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      "Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Солтүстікавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      "Оңтүстікавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3) Республикалық мемлекеттік мекемелер:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақмолажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақтөбежолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Атыраужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Батысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жамбылжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Шығысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қарағандыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қызылордажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қостанайжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Маңғыстаужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Павлодаржолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Солтүстікжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Түркістанжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Астанақалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматықалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) Акционерлік қоғам: "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады