"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 575 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.01.2019 № 58 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 702 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы № 995 Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығына (2018 жылғы 7 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң Көлiк комитетi" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң (бұдан әрi – Министрлік) өз құзыретi шегiнде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ әуе және құбыржол көлiгiн қоспағанда, көлік саласында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      Комитеттiң осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес аумақтық органдары мен ұйымдары бар.";

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлiк комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген ережені 19-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Инспекцияның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Инспекция транспортного контроля по Туркестанской области" Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, М. Тыныштықұлов құрылысы көшесі № 9.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 575 бұйрығына
1-қосымша
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң Көлiк комитетi"
мемлекеттік мекемесінің ережесіне
  1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлiк комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      9) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      10) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      12) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      13) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      14) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      15) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      16) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      17) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      18) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті "Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлiк комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi

      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Балқаш су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 575 бұйрығына
2-қосымша
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң Көлiк комитетi"
мемлекеттік мекемесінің ережесіне
  19-қосымша

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

      2. Инспекция Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Комитеттің бұйрықтарына, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметiн жүзеге асырады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.

      4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      Инспекция, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттiк осыған берiлген болса, Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.

      5. Инспекцияның құрылымын және штат санын Министрдің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы бекiтедi.

      6. Инспекцияның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Инспекция транспортного контроля по городу Шымкент" Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан".

      7. Инспекцияның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, 160019, Шымкент қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 4 үй.

      8. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан инспекцияның құрылтайшысы болып табылады.

      9. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Инспекцияның қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Инспекция кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсе алмайды.

      Егер Инспекцияға кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық актілермен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Негiзгi міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

      12. Инспекцияның міндеттері:

      1) әуе және құбыржол көлiгiн қоспағанда, көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) өз құзыреті шегінде көліктің және оның өмірлік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету.

      13. Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын жинақталған ақпаратты есепке алуды жүзеге асыру, белгіленген нысандағы есеп беру құжаттары түрінде беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;

      4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;

      5) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу;

      6) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;

      7) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларын беру;

      8) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;

      9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;

      10) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде қалалар немесе өзге де елді мекендер бойынша жалпы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында көлік құралдарының жүріп өтуін бақылауды жүзеге асыру;

      12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) автокөлік құралдарының жүруін, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген габариттік және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      15) тахографтарға қызмет көрсету және орнату бойынша қызметті жүзеге асыратын сервистік орталықтарға бақылауды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автожолдарда және автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру;

      17) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;

      18) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      19) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      20) теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме теміржолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

      21) теміржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, сақтауы бөлігінде тексеруді жүзеге асыру:

      темiржол желiсiнiң станциялық және магистральдық жолдар мен темiржолдағы кiрме жолдарды күтiп-ұстау, жылжымалы құрамды күтiп-ұстау, пайдалану және жөндеу;

      Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және поштамен жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын;

      темiржол көлiгiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, сондай-ақ жасанды құрылыстарды және теміржол өтпелерін күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу;

      22) жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыру;

      23) жылжымалы теміржол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;

      24) Министрдің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін жүргізу;

      25) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;

      26) жолаушылар поездарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүру жолында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу;

      27) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      28) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      29) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;

      30) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      31) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасау және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, стандарттар мен нормалардың талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгiзу;

      32) қозғалыс қауiпсiздiгiнiң және қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi жауап бермейтiн магистральдық темiржол желісі объектiлерiн, темiржолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұруды және тоқтатуды жүзеге асыру;

      33) қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жай-күйі жауап бермейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұруды жүзеге асыру;

      34) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiк пен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қою;

      35) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

      36) су көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлiгiнде олардың қызметiн тексеру;

      37) ішкі су көлігі саласында тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасауын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      38) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi қарап-тексеру, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеруді жүргізу;

      39) жеке және заңды тұлғалардың көлiктің жұмыс iстеуі тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының талаптарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;

      40) өз құзыретi шегiнде тексерулер нәтижелерi бойынша актiлер жасау және су көлiгiнiң жұмыс істеуі тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгiзу;

      41) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;

      42) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын тиіс кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау;

      43) кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарын, олардың пайдаланылуын қауіпсіз қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексеруді жүргізу;

      44) шағын көлемдi кемелердiң алкогольдік, есiрткiлік және уытты мас күйінде болған кеме жүргiзушiлерiн басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жiберу;

      45) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;

      46) жеке және заңды тұлғалардың ішкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      47) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыруды, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды ұйымдастыру;

      48) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғыларының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      49) iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерiнiң, кеме экипажы мүшелерiнiң, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасына сәйкес кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      50) кеменi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтiн кемелердi (оның iшiнде шағын көлемдi), салдар мен өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;

      51) кемені пайдалану қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салу;

      52) Министрдің бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу;

      53) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиiстi күтiп-ұсталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      54) ішкі су көлігі саласындағы бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      55) техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу;

      56) Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімін жүргізу;

      57) техникалық қарап-тексеру операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      58) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      14. Инспекцияның құқықтары мен міндеттемелері:

      Инспекция:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратады және алады;

      2) әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көліктегі тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексереді;

      3) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәселелерді қарайды;

      4) хаттамалар толтырады, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес іс жүргізуді жүзеге асырады;

      5) жеке тұлғаны әкiмшілiк ұстауды, көлік құралын ұстауды, тұлғаның жеке басын және жеке тұлғамен бірге болатын заттарын қарап-тексеруді жүргізеді, көлік құралдарын қарап-тексеруді жүзеге асырады;

      6) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақтарға, үй-жайларға, тауарларға, өзге де мүлікке, сондай-ақ тиісті құжаттарға тексеру жүргізеді;

      7) әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлiктiк оқиғалардың, көлiктi пайдалану ережесін бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді;

      8) көлiктiк бақылау посттарында, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар және өзге де елді мекендер шегінде автокөлік құралдарын тоқтатады;

      9) өз құзыреті шегінде, тексерулердің нәтижелері бойынша актілер шығарады және Қазақстан Республикасы заңдарының, әуе және құбыржол көлігінен басқа көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері, стандарттар мен нормалары талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізеді;

      10) арнайы байланыс құралдарын пайдаланады, арнайы су көлігі және арнайы автокөлік, сондай-ақ өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде таяқша және ысқырық пайдаланады;

      11) уәкілетті органның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;

      12) қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      Инспекцияның міндеттемелеріне:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекция құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;

      4) Инспекция теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және қаржылық есепті Комитетке тапсыру;

      6) Инспекцияға бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін жүргізу кіреді.

3-тарау. Инспекцияның қызметiн ұйымдастыру

      15. Инспекция көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiне кіреді.

      16. Инспекцияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің келісімі бойынша және Көліктік бақылау комитеті төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

      17. Инспекция басшысының Комитет төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасары болады.

      18. Инспекция қызметкерлері қызметтік киім киюі мүмкін, нөмірлі төс белгілері және қызметтік куәліктері болады.

      19. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Инспекцияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауаптылықта болады.

      20. Инспекция басшысы осы мақсаттарда:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында және осы Ережеде айқындалғаен құзыреті шегінде Инспекция қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

      2) Инспекция басшысының орынбасарынан басқа, Инспекция қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады, оларға көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртiптiк жазалар қолданады;

      3) Инспекция бөлімдері басшыларын тағайындауды Комитетпен келіседі;

      4) бұйрықтарға қол қояды және бағынысты қызметкерлері міндетті түрде орындау үшін нұсқаулар береді, олардың арасындағы функционалдық міндеттерді бөледі;

      5) Комитет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды.

      6) Инспекцияны мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

      7) отандық және шетелдік тауар өндірушілермен тауарлар мен қызметтерді жеткізуге шарт жасасады, банктерде шот ашады, сенімхаттар береді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

      9) өзiнiң құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

4-тарау. Инспекцияның мүлкi

      21. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады, сондай-ақ құны Инспекцияның теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктерден тұрады.

      22. Инспекцияға бекiтiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Инспекцияның өзiне бекiтiліп берілген мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

      24. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Инспекцияға мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ Инспекция таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады